Қант экспортына уақытша шектеу енгізілді

Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді
Sputnik
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Елден қант шығаруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығымен 2024 жылғы 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Шектеу ел аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды.
Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді.
Айта кетейік, жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсуі байқалады. Осыған байланысты, қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілді.
Жетісу облысында қант қызылшасы алқабы үш есе ұлғайтылады