АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Еуропаға қауіп Ресейден емес, АҚШ-тан келеді, деді РФ президенті Владимир Путин РФ СІМ басшылығымен кездесуі барысында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Еуропа үшін Ресейден қауіп туындамайды. Әскери, саяси, технологиялық, идеологиялық және ақпараттық салаларда АҚШ-тан толықтай дерлік тәуелділік еуропалықтар үшін басты қауіп. Еуропа барған сайын жаһандық экономикалық дамудан ығыстырылып, көші-қон мәселесіндегі қиындықтарға және басқа да өзекті мәселелерге тап болып, халықаралық субъектілік пен мәдени бірегейліктен айырылуда", - деді РФ президенті.
Владимир Путин Ресейдің бірқатар еуропалық мемлекетпен қарым-қатынасы нашарлағанын да айтты.
"Иә, қазір Ресейдің Еуроодақпен, бірқатар еуропалық мемлекетпен қарым-қатынасы нашарлап кетті. Бұл біздің кінәмізден емес екенін бірнеше рет баса айттым", - деді Путин.