АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. F-16 ұшағын басқаруға украиналық ұшқыштарды дайындау сапасы нашар, даяолаудан өтіп жатқан ұшқыштардың саны аз, деп хабарлайды Defence News америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"F-16 ұшағын басқаруды оқыту жүйесі өте жұпыны", - деп келтіреді басылым АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігінің сөзін.
Материалда атап өтілгендей, украин ұшқыштардың аз ғана саны F-16 ұшағын басқауды оқытуға жарамды. Себебі, дайындық күрделі техникалық ағылшын тілін білуді талап етеді. Сонымен қатар, жойғыш ұшақтарды дұрыс пайдалану үшін техник мамандар тобы да қажет.
Басылымның тағы бір дереккөзі қазір онға жуық ұшқыштың дайындықтан өтіп жатқанын хабарлады.
"Бұл өте аз және бұл тек ұшқыштар", - деді ол.
Сондықтан басылымға сұхбат берген шенеунік Киевке жойғыш ұшақтарды жеткізуге асықпауға және олар қақтығыс аймағында расымен пайдалы болғанша күтуге шақырды.
Шамамен бір жыл бұрын АҚШ Еуропа елдері F-16 жойғыш ұшақтарын Киевке беруіне келісті. Бұл әскери техниканы бірінші болып Нидерланды мен Дания жөнелту керек еді. Дәл сол кезде ұшқыштарды даярлау басталды. Гаага биылғы жылы Украинаға алғашқы ұшақтарды жіберуді көздеп отыр. Бельгия сыртқы істер министрі Аджа Лябиб Брюссельдің 2028 жылға қарай 30 дана F-16 ұшағын жеткізетінін мәлімдеді.
Мәскеу Батыс елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізу ештеңені өзгертпейтінін, тек қақтығысты ұзартатынын бірнеше рет ескерткен. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей Украинаға жеткізілген F-16 ұшақтарын басқа қару түрлері сияқты жойылады деп мәлімдеді.