Оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды

Кінәлі және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Бүгін оқу-жаттығу барысында Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
"Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.
Қазақстанның қарулы күштері әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Оларға барлық көмек көрсетіледі", - деп түйіндеді ведомство.