ЕАЭО бизнесі ұлттық валютада көбірек несие ала бастады

Қазақстанда заңды тұлғаларға теңгемен берілген несие көлемі бірден 29%-ға өсті
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша заңды тұлғаларды ұлттық валютада несиелеу көлемі ұлғайды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты.
"Заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында Арменияда – 5%-ға, Беларусьте – 30%-ға, Қазақстанда – 29%-ға, Қырғызстанда – 25%-ға және Ресейде – 22%-ға өсті", – деп хабарлайды ЕЭК.
Шетелдік валютадағы несиелеу көлемінің Қырғызстанда 2,3 есеге өсуі, Арменияда 12%-ға төмендегені байқалды.
2024 жылдың маусым айының басында несиелендіру құнының төмендеуі Арменияда – 8,25% (-0,25 пайыздық тармақ), Қазақстанда – 14,50% (-0,25) және Қырғызстанда – 9,00% (-4,00.) тіркелді.
Беларусь пен Ресейдің ұлттық банктері мөлшерлемелерді тиісінше 9,50% және 16,00% деңгейінде қалдырды.