АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Будапешт НАТО-ның Украина бойынша миссиясының жұмысына кедергі жасамайды, деп мәлімдеді НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Будапештте Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздерден кейін, деп хабарлады РИА Новости.
"Венгрия премьер-министрі Украинаға көмек көрсетуді үйлестіру бойынша іс-шараларға Венгрияның қатыспайтынын анық айтты. Мен бұл ұстанымды толықтай қабылдадым. Мен Венгрияның премьер-министрімен Венгрияның Украинаны қолдау әрекеттеріне қатыспауының шарттарын келіскенімізге қуаныштымын. Венгрия өкілдері мұндай іс-шараларға қатыспайды. Венгрия қаражаты бұл үшін пайдаланылмайды", - деді Столтенберг.
Ол сондай-ақ Венгрияның Украинадағы НАТО миссиясына қатыспауы туралы келісімде Будапешт альянстың қалған мүшелерінің шешім қабылдауына кедергі келтірмейтінін айтты.
Өз кезегінде Орбан келіссөздер барысында Столтенбергтен Будапештке қажетті кепілдіктерді алғанын айтты.
"Мен Бас хатшыдан НАТО ережелеріне сәйкес альянс аумағынан тыс НАТО-ның барлық әскери әрекеттері тек ерікті болатынын түсіндіруді сұрадым", - деді саясаткер.
Венгрия премьер-министрінің айтуынша, Столтенберг бұл ұстанымды растады.