АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақорда" резиденциясында Корея басшысын салтанатты түрде қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.