Ресей президенті БРИКС ойындарына қатысушыларды құттықтады

Владимир Путин БРИКС ойындарын ашық деп жариялады
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазанда БРИКС спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Қатысушыларды Мәскеуден Ресей президенті Владимир Путин құттықтады.
Оның айтуынша, екі аптаға созылатын жарысқа әлемнің жүзге жуық елінен үш мыңнан астам спортшы қатысады.
"Бұл ауқымды спорт мерекесі спорттың жалпы адамзат құндылықтарының, тең мүмкіндіктер мен әділ күрестің салтанат құруын айқын көрсететініне сенімдімін", - деді ол.
Путин БРИКС ойындарын тарихы, көпұлтты мәдениеті, дәстүрі бай және заманауи, болашаққа бағдарланған қонақжай Қазан мен Мәскеуде қалалары өткізіп жатқанын еске салды.
Өткен жылы БРИКС пен Қазақстан тауар айналымы 70 млрд доллардан асты - СІМ басшысы
"Мұның бәрі серпінді дамып келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, ауқымды мәселелерді бірлесіп шешетін, сенімге, берік достық пен татулыққа негізделген шынайы серіктестік пен тең құқылы қарым-қатынастардың үлгісін көрсететін, бір-бірінің мүдделерін құрметтейтін егемен елдер бірлестігінің – БРИКС-тің рухы мен сипатын толық көрсетеді", - деді Ресей басшысы.
Ол осы ұйымның қамқорлығымен өтетін спорттық ойындардың жан-жақты саяси, экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі екеніне сенімділік білдірді.
БРИКС-тің әлемдік істердегі рөлі тез өсіп келе жатқандықтан, ойындардың саяси араласу мен қысымсыз, шын мәнінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды біріктіретін жарыс ретіндегі танымалдығы мен тартымдылығы да арта түседі.
"Сонымен қатар, олар биыл алғаш рет ашық форматта өтіп жатыр. Бұл ойындар адам және жалпы даму мақсатымен мәдениетаралық диалогты кеңейтудің тағы бір символы, халықтар достығы мен мемлекеттердің жемісті өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан елеулі үлесі болады", - деді ресейлік президент.
Ол спортшылар мен жаттықтырушыларға бәсекеге толы жарыс пен жеңіс, ал көрермендер мен жанкүйерлерге жарқын және ұмытылмас әсерлер тіледі.
"2024 жылғы БРИКС спорт ойындарын ашық деп жариялаймын!" – деп түйіндеді сөзін Ресей басшысы.
БРИКС ойындары 23 маусымға дейін Қазан қаласындағы спорт нысандарында өтеді.
Жарыстар спорттың 27 түрінен өтіп, оған әлемнің 90-ға жуық елінен 3,1 мыңнан астам спортшы қатысады. Спортшылар үшін жалпы 387 марапат жинағы қарастырылған.
Саясат
Путин Ресейдің жақын болашақтағы басымдықтарын атады
Ең көп делегация Ресейден қатысады, барлық спорт түрінен 900-ге жуық өкіл келеді деп күтілуде. Сондай-ақ ойындарда БРИКС-ке мүше басқа елдер – Қытай, Үндістан, Бразилия, Мысыр, Иран, БАӘ, Оңтүстік Африка және Эфиопия командалары өнер көрсетеді. ТМД елдерінен көптеген делегациялар келеді. Ойындарға Оңтүстік және Орталық Америка елдері үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ Қазанда Азия, Африка және Еуропаның 20-дан астам елінің спортшылары жарысқа қатысады.