Фото

Тағам тақырыбындағы жылдың ең үздік суреттері анықталды - фото

Pink Lady® Food Photographer of the Year 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды. Тағам дәмді және тәбет шақыратындай ғана емес, сонымен қатар керемет әдемі болуы мүмкін. Тағамдардың ең әдемі суреттері туралы толығырақ топтамадан көріңіздер!
Sputnik
Pink Lady® Food Photographer of the Year байқауының қазылар алқасы 2024 жылғы жеңімпаздарды жариялады. Байқауға 65-тен астам елден мыңдаған суреттер жолданды. Қытай фотографы Чжунхуа Ян жеңімпаз атанды. Оның қытай жаңа жылына дайындық қарсаңында өте үлкен көлемде мерекелік тағам дайындап жатқан әйел бейнесіне қазылар алқасы тәнті болды.
Pink Lady® Food Photographer of the Year байқауы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен тамақ, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және әртүрлі ұлттық тағам дәстүрлерінің он мыңдаған үздік суреттерін жинайды.
1 / 10

Байқаудың 2024 жылғы жеңімпазы - Қытай фотографы Чжунхуа Ян. Оның суреті "Қызыл үрмебұршақ пастасы бар дим-самдар" деп аталады. Сурет Сяншань елді мекенінде түсірілген.

2 / 10

Ұлыбритания фоторгафы Линн Кеннеди түсірген "Бізге той тортынан ауыз тиюге мүмкіндік бер" деп аталады.

3 / 10

Оңтүтік Африка фотографы Эльба Форстер түсірген сурет "Тәтті Дионис" деп аталады.

4 / 10

Франция фотографы Джонатан Тевене түсірген сурет "Жүзім жинау" деп аталады.

5 / 10

Испания фотографы Вирджиния Моран түсірген сурет "Күлкі және қызыл шарап" деп аталады.

6 / 10

Тео Чин Леонг түсірген сурет "Алқаптағы ас" деп аталады.

7 / 10

Оңтүстік Африка Республикасының фотографы Хейн ван Тондер түсірген сурет адам толы базарда жаңа аулаған балықтарын сатып отырған балықшыны бейнелейді.

8 / 10

Барбара Баретич түсірген сурет "Рауғаш қосылған пазлды бәліш" деп аталады.

9 / 10

Таиланд фотографы Сакон-Накхон түсірген сурет "Алқаптағы күн" деп аталады.

10 / 10

Ұлыбритания фотографы Лоррейн Пул түсірген сурет "Шақырусыз келген қонақ" деп аталады.