АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен SputnikPro шеберлік сабағында таяу шетелдегі және Балтық жағалауы елдеріндегі Sputnik мультимедиялық орталықтары дирекциясының монтаждау жөніндегі директоры Дмитрий Буданцев әлеуметтік желілерде видеомен жұмыс істеудің қыр-сырлары мен ерекшеліктері туралы айтты.
"Мен трендтерге қарамастан өзгермейтін төрт негізгі тармақты атап өткім келеді. Біріншісі - жарияланатын контенттің жүйелілігі. Егер бұл ереже бұзылса, онда сіздің оқырмандарыңыз бәсекелестерге кетеді", - деп бөлісті спикер.
Екіншісі, оның айтуынша, көрермен үшін жұмыс істеу. Бұл контентті толтыру ғана емес, сонымен қатар жоғары видеоны сапалы монтаждау.
Үшіншісі, сізді бәсекелестеріңізден ерекшелендіретін өзіндік стиль.
Төртіншісі, өзектілік, яғни, егер бұл жаңалықтарға немесе қандай да бір тұрақты трендке қатысты болса, дәл қазір не болып жатқаны туралы айту керек. Мысалы, көптеген авторлар мен блогерлер өз контентін коронавирус тақырыбына негіздеді. Кейіннен бұл тақырып өзекті болмай қалғанда, екіншісіне өту бірқалыпты болуы керек, әйтпесе оқырмандарыңызды жоғалтасыз.
"Бұл маңызды төрт тармақ , бірақ назар аудару керек басқа да мәселелер бар. Олар видеоның алғашқы секундтары, тартымды тақырыптар, әсерлі музыка және контентті толықтыру", - дейді Буданцев.
Ол блог авторы видеоны қандай платформада түсіріп жатқанын, қандай аудиторияға аарналғанын және оның мазмұнынан не күтетінін түсінуі керек екенін айтты.
Дәріс оқушы режиссер ұзақ сұхбаттар негізінде қысқа Shorts түсіруді, инфографика және басқа видеоларды қосуды ұсынады, бұл видеоны көру санын айтарлықтай арттырады. Мұнда негізгі видеосұхбатқа сілтеме жасай аласыз.
Сонымен қатар, ол видеоны мейлінше көп адам көқруі үшін ол бейнелерді өңдеу кезінде графика, стенд-ап қолдануды және музыканы өзгертуді де ұсынады.
Басымдылықтар туралы айтқан Буданцев Telegram әлеуметтік желісінде 2 минутқа дейін созылатын қысқа видеоларға ерекше назар аудару керек екенін айтты. Өйткені ол видеолар автоматты түрде жүктеліп, қосылады. Яғни, оқырманға қосу батырмасын басудың қажеті жоқ.
Оның айтуынша, қазір YouTube желісінде Shorts бөлімінде видео пішімін көлденеңнен тікеге ауыстыру процесі бар.