Бектенов бір жарым жыл ішінде халықты 100% таза ауыз сумен қамтуды тапсырды

Әкімдіктер ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс
Sputnik
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапалы ауыз сумен қамту аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі деп атады. Бұл ретте оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оның пікірінше сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, әкімдіктер ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс.
"Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы.
Қазақстанға ауыз су тапшылығы қаупі төніп тұр – экологтар