Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

Нарендра Моди үшінші рет қатарынан Үндістанның премьер-министрі болды
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.
"Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген", - деп түйіндеді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Қоғам
Үндістанның лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады