Қазпоштаға шетелден келген қораптан есірткі табылды

Ал қорапта есімі жазылған адам есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған ер адам болып шықты
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Алматы облысындағы Қазпошта бөлімшесіне шетелден келген қораптан есірткі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Іле ауданындағы бөлімшеде табылған есірткіні косметикалық бұйым ретінде жасырған. Қораптың ішінен салмағы 777,4 грамм каннабис экстракты (гашиш майы) табылды. Ал қорапта есімі жазылған адам есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған ер адам болып шықты.
"Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және тағы басқа заттар табылды", - дейді агенттік мамандары.
Сот шешімімен ер адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген