АСТАНА, 10 маусым - Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.