АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында өткен тойда әуеге оқ атқандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жедел іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен арнайы жасақ жауынгерлері барлық құқық бұзушыны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Полиция атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Тергеу барысы басшылықтың жеке бақылауында.