АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Әлемнің тағы 17 елінде азық-түлік мәселесі шиеленісуі мүмкін, деді БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Ресей Федерациясымен байланыс бөлімінің директоры Олег Кобяков РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Аштыққа ұшырағандар саны туралы құжат бар - бұл дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен бірге шығарылған құжат, онда аштық дендеген елдер көрсетіледі.... Мұндай ақпарат таяу күнде ғана шықты және қазіргі тенденция сақталатын болса әлемнің тағы 17 елінде азық-түлікке қатысты ахуал нашарлауы мүмкін деп болжанып отыр", - деді Кобяков.
Ол ашаршылық дендеген дәстүрлі елдер қатарына Йемен, Судан, Оңтүстік Судан, Газа секторы және қарулы қақтығыстар, климаттың өзгеруінің жағымсыз әсерлері, табиғи апаттар болған басқа да бірқатар Африка елдері кіретінін айтты.
БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (Food and Agriculture Organization - ФАО) - бұл әртүрлі елдердің азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысатын үкіметаралық халықаралық ұйым. Ұйым аштықпен күресуге бағытталған халықаралық қызметте жетекші рөл атқарады.
2024 жылы Петербург халықаралық экономикалық форумы 5-8 маусым аралығында өтті.