АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы былтыр 4 млрд долларға жетті, жыл басынан бергі сауда қарқынына қарағанда биыл бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуымүмкін. Бұл туралы Вашингтонда қазақстандық кәсіпкерлермен кездескен Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев мәлімдеді, деп хабарлады 24kz.
Солтүстік Америкадағы Қазақ мәдени-іскерлік қауымдастығы қазақстандық кәсіпкерлерді АҚШ-қа өзара тәжірибе алмасуға шақырған. Іскер топ өкілдері Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Франциско қалаларында америкалық кәсіпкерлермен кездесіп, инвестиция тарту және өзара ортақ жобаларды талқыламақ.
Іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған қауымдастық тек бизнес және мәдени қарым-қатынастыемес, әлеуметтік салаға да көңіл бөлмекші. Халықаралық медициналық алмасу жобаларын да дамыту жоспарда.
"Біз осы бағытта жұмысымызды наурыз айынан бастадық. Бүгінге дейін АҚШ және Қазақстан дәрігерлерінің арасында онлайн кездесу ұйымдастырдық. Олар пластикалық хирургтер, бет пен жақтың ауытқулары бар балаларға көмектеседі. Бірақ біз бұл тек физикалық мәселе емес екенін түсінуіміз керек. Америкалық пластикалық хирург дәрігерлер үшін Қазақстанға тегін ота жасауға сапар ұйымдастыруды жоспарлап жатырмыз . Операция қазақстандық дәрігерлермен бірге жасалады", - дейді қауымдастық президенті Айнұр Роджерс.