Спорт

Қазақстанның 75 жастағы тұрғыны пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Ол пауэрлифтингтен қарсыластарын шаң қаптырды.
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Шет ауданы Ағадыр ауылының тұрғыны Дәпібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Біріншілік Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) өткен.
46 елден барлық жастағы 960 спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 75 жастағы Дәрібай Оспанов қорғады.
"Мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысымын, төрт дүркін әлем чемпионымын, он дүркін Азия чемпионымын", - дейді ақсақал.
Ол сондай-ақ әлем чемпионатында 70 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсеткенін айтты.
Ағадыр ауылының тұрғыны Дәпібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды
"Бізде бес адам болды – жапон, неміс, канадалық, индус және мен. Мақсат - даниялықты жеңу. Ол 94 жасында өнер көрсетті, ал мен 95 жасымда жарысқа қатысамын", – деді ақсақал.
Дәрібай Оспановтың ұлы Қараман Абдулкәрім де лайықты өнер көрсетті. Ол классикада жеңімпаз атанып, жабдықта екінші орын алды, деп бөлісті әкімдік.