Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Дума депутаты Украинамен келіссөз жүргізу туралы мәлімдеме жасады

Ресей Украинадағы заңды серіктестермен келіссөздер жүргізуге дайын
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Ресей Украинадағы келіссөз жүргізгісі келіп отырған заңды серіктестермен келісім жасауға дайын. Бұл туралы ЛДПР жетекшісі және мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
"Қандай да бір келіссөздер туралы сөйлесуге дайынбыз. Бірақ келіссөз процесін өздері қалап отырған заңды серіктестермен байланыс жасаймыз", - деді Слуцкий.
ЛДПР жетекшісі Ресей бұған дейін Украинамен келіссөз жүргізгенін, бірақ украиналық тарап Ресейді Батыстан қару жеткізуге уақыт табу үшін қолданғанын айтты.
"Сондықтан біз келіскеннің бәрі іске жарамсыз болып шықты. Украиналық тарап бізді алдады, бірақ бізбен нақты келіссөздер жүргізіліп жатқанына сеніпқалдық. Біз Стамбулда келісімдерге қол жеткіздік, содан кейін украин тарапы Минск келісімін және тағы басқаларды бұзды", - деді ол.
Мәскеу келіссөзге дайын екенін бірнеше рет білдірді, бірақ Киев оларға заңнамалық деңгейде тыйым салды.