Ақтөбе облысында төрт күн бұрын жоғалған бала өлі табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Баланың денесі Елек өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де шыққан.
"Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары жұмылдырылды", - деп хабарлады полиция.
Еске сала кетейік, 13 жастағы Жетру Кәрім 4 маусымда сағат 16:40 шамасында жоғалып кеткен. Жасөспірім аутизммен ауырған. Ол атасы мен әжесі тұратын үйден шығып кетіп, содан табылмаған. Туыстары әлеуметтік желілерде видео жариялап, көмек сұрады. Жетру үйден іш киіммен және футболкамен, жалаңаяқ шығып кеткен. Жасөспірімнің көшеде жүрген кезі бейнекамераға түсіп қалған.