АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа коттедждердің құрылысын онлайн режимде бақылауға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тасқын.Қолдау сайтында облысты таңдап, әрбір өңірде салынып жатқан баспананың құрылыс барысын көруге мүмкіндік бар. Ол үшін құрылыс алаңдарында бейнебақылау камералары орнатылды.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 8 елді мекенде 16 бейнебақылау камерасы бар. Сол арқылы әрбір үйдің құрылысын бақылауға болады.
"Бұл технология, біріншіден, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалауға мүмкіндік жасаса, екіншіден құрылыс материалдарының қолды болуына жол бермейді", - дейді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан әрбір өңірде салынып жатқан коттедждердің эскизін салыстырып көрді. Ал Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды. Ол үйлерді 40 күннің ішінде салып бітірді.