АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айтқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келген еді. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мерекенің бір күн бұрын – 16 маусымда басталатынын хабарлады.
Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.
Ал қолданыстағы заңға сәйкес, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.
Астанада құрбандық шалу орындары анықталды:
"Шанхай" базары,
"Баракат" базары (А-369 көшесі, 10),
"Жайлау" базары (С-754 көшесі, ғимарат, 1),
"Шолпан-ата" базары ("Алаш" тас жолы, 27/2),
Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).
Ауыл шаруашылығы жануарлары сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында сойылуға тиіс.