АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. ХХVII Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы "Үлкен Еуразиялық серіктестік өсудің жаңа полюсі іспеттес: әлеуетті және келешегі" сессиясының қатысушылары Үлкен Еуразия елдері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, "интеграциялар интеграциясы" тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруды және Еуразиядағы бірігу мәселесін талқылады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Сессия жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев қатысты.
"ЕАЭО-ны Үлкен Еуразиялық серіктестіктің экономикалық орталықтарының бірі ретінде дамыту 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған ЕАЭО аясындағы экономикалық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі декларацияның басым міндеттеріне енгізілген", - деді Сергей Глазьев.
Ол сондай-ақ АСЕАН, ШЫҰ және аймақтағы басқа құрылымдармен өзара іс-қимылды дамыту туралы айта отырып, ЕАЭО-ның Үлкен Еуразиялық серіктестіктің "интеграциялық негізін" қалыптастыруға қосқан үлесі туралы айтты.
Тұжырымдаманың қызметтік мазмұны бойынша Сергей Глазьев бірнеше негізгі бағыттарды анықтады, соның ішінде:
валюта-қаржылық қатынастардың әділ жүйесін құру,
ортақ биржа кеңістігін қалыптастыру,
бірлескен көлік инфрақұрылымы,
ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.
"Үлкен Еуразиялық серіктестік жаңа әлемдік шаруашылық құрылымды қалыптастырудың негізіне айналуда", - деді Сергей Глазьев.
Сессия барысында ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Хан Сохаил ШЫҰ мен ЕАЭО арасындағы диалог өзара сыйластық негізінде дамып, көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыру бойынша интеграциялық күш-жігерді үйлестуруге ықпал ететінін айтты.