Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форум аясында "ЕАЭО-ның 10 жылдығы: нәтижесі, басымдығы, перспективасы" сессиясы өтіп жатыр.
Форумға әлемнің 136 елінен 17 мың өкіл қатысуда, олардың арасында бизнес лидерлері, мемлекеттік қызметкерлер, белгілі сарапшылар бар.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (СХЭФ) 5-8 маусым аралығында өтеді.