АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.
Анықталғандай, ұстау операциясын Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор ұйымдастырған.
"Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 18 миллион теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды", - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі тілшімізге.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Бауыржан Шайдуллин 2020 жылдың қаңтарында Ақтау қалалық сотының басшысы болып тағайындалған еді.