Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі моншаның құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские банидің" құрылысы басталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ, нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі алған жоқ.
"Визуалды тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал "Орловские банидің" жарнамасы бар баннер жойылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген.
Басқарма құрылысы тоқтатылған нысанда заң бұзушылықтар анықталғанын және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұрын жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған.