Жүкті Қазақстаннан БАӘ портына дейін жеткізетін трансауған дәлізі іске қосылды

Мультимодальды маршрут автомобиль және теңіз тасымалын қамтиды
Sputnik
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Трансауған дәлізі арқылы алғашқы мультимодальды тасымалдау іске қосылды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы
Қазақстандық KTZ Express және QazTrade пәкістандық National Logistics Corporation (NLC) логистикалық операторымен серіктесіп, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Джебель-ата портына (БАӘ) пилоттық мультимодальды тасымалдауды жүзеге асырды. Ұлттық компания дәліз картасын жариялады.
21 тоннадан жүк тиеген екі фура 27 сәуірде Павлодардан шығып, "Жетіген" көлік-логистикалық орталығына (Алматы облысы) жөнелтілді. Содан кейін өнімдер 40 футтық екі контейнерге тиелді. Олар контейнерлік тіркемесі бар жүк көліктеріне орналастырылып, Пәкістанның Карачи портына жөнелтілді. 1 маусымда контейнерлер фидерлік кемеге тиеліп, 3 маусымда Джебель-рок портына жеткізілді.
"Жүк тасымалына 38 тәулік кетті. Бұл тапсырыс беруші үшін ең тиімді шешім болды", - дейді "Қазақстан темір жолы".
Дәл осындай бағытпен маусым-шілде айларында барлығы 60 контейнер тасымалдау жоспарланған.
Бұл пилоттық жоба қазақстандық экспорттаушылардың Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нысаналы нарықтарына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.