АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. XXVII Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында "Қазақстан – Ресей" бизнес-диалогы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, іскер қоғамдастықтардың өкілдері және екі елдің кәсіпкерлері, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері қатысты.
ҚР және РФ вице-премьерлері Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук бейне хабарламалары арқылы сөз сөйледі.
Серік Жұманғарин атап өткендей, жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Ресей Федерациясы Қазақстан үшін стратегиялық сауда-экономикалық әріптестердің бірі болып қала береді.
"Біздің елдерімізді $26,2 млрд. сомасына 135 өнеркәсіптік жобалар біріктіреді. $2 млрд-қа жуық тағы 27 жоба белсенді іске асырылуда. Соңғы 19 жылда Қазақстанға Ресей Федерациясынан шамамен $22 млрд. тікелей инвестиция тартылды. Қазақстан аумағында үш мыңнан астам бірлескен компаниялар мен ресейлік капиталдың қатысуымен 19 мың компания жұмыс істейді. Біз бірлескен жобаларды жоғары бағалаймыз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз. Қазақстан бірлескен қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға дайын", - деп атап өтті ҚР вице-премьері.
Өз кезегінде Алексей Оверчук жаңа шешімдер мен бірлескен өсудің қосымша нүктелерін іздеуге бағытталғанын мәлімдеді.
"Ресейлік компаниялар қазақстандық достарына экономиканың барлық салаларында өз тәжірибелерін, технологиялары мен бағдарламалық шешімдерін ұсынуға дайын. Тәжірибе алмасу, кооперацияны дамыту, интеграциялық өзара іс – қимылды тереңдету Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық дамуына, сондай-ақ біздің экономикалық одақтың тең құқыққа, өзара сыйластыққа және бір-біріміздің мүдделерімізді сөзсіз есепке алуға негізделген ұстанымдары мен әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады", - деді РФ үкіметі төрағасының орынбасары.
ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде жиналғандарды Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Ол қазіргі бизнес-диалог серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілейтініне сенім білдірді.
"Қазақстан еліміздің экономикасына ресейлік инвестицияларды тартуға мүдделі. ҚР РФ Елшілігі бірлескен жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын!"- деп атап өтті Абаев.
Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық екі елдің экономикасын нығайтуға, кооперациялық мүмкіндіктерді ашуға, импортты алмастыру проблемаларын және сыртқы саудадағы шектеулерді шешуге, сондай-ақ жаңа өндірістік қуаттар мен жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, табысты өзара іс-қимыл ғылыми-техникалық зерттеулердің дамуын, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және өндіріс шығындарын төмендетуді ынталандырады.