Солтүстік Қазақстанға да біздің энергетикалық ресурстарымыз қажет – Путин

Қазақстанның газбен қамтуды қажет ететін тұтас аймақтары бар және миллиардтаған долларды құрайтын жаңа бағыттарды салудан гөрі Ресейден газ алу оңай әрі арзанырақ, деп қосты РФ президенті
Sputnik
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Ресей Қазақстанға газ жеткізеді - республиканың бірқатар өңірлерінде жаңа бағыттарды салудан гөрі оны Ресей Федерациясынан алу оңай, деп атап өтті РФ президенті Владимир Путин.
"Енді энергетика туралы айтатын болсақ, біз тек Өзбекстанды газбен қамтамасыз етіп қоймаймыз, Солтүстік Қазақстанға да біздің энергетикалық ресурстарымыз қажет", - деді Владимир Путин.
Қазақстанның газбен қамтуды қажет ететін тұтас аймақтары бар және миллиардтаған долларды құрайтын жаңа бағыттарды салудан гөрі Ресейден газ алу оңай әрі арзанырақ, деп қосты РФ президенті.
Ресей мен Қазақстанның өте жақын одақтастық, стратегиялық қарым-қатынастары бар, деді Владимир Путин. Сауда-экономикалық байланыстар артып келеді. Ол екі елдің өзара іс-қимылының көптеген бағыттары бар екенін айтты: энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы (Тоқаев) екеуміз үнемі байланыстамыз, онымен өте жақсы, сенімді, достық қарым-қатынас орнаттық (...) Мен, шынын айтсам, қайшылық тудыратын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", - деді РФ президенті сәрсенбіде SPIEF алаңында ірі халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен әңгімелесуде.
Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтеді: биыл қандай мәселелер талқыланады