Қазақстанның қарулы күштері дабыл арқылы көтерілді

Sputnik
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бүгін Қарулы күштердің барлық түрі, өңірлік қолбасшылықтар, құрамалар, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазақстанның қарулы күштері дабыл арқылы көтерілді
Қарулы күштердегі осы іс-шаралардан дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңі басталады. Ол 1 маусымда басталып, 2024 жылдың 31 қазанында аяқталады.
"Тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуеайлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері және әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібі іс жүзінде пысықталады", - делінген хабарламада.
Техниканы шығару және белгіленген орындарда басқару пунктерін өрістету арқылы жаттығулар мен сабақтар өткізіледі.
Қазақстанның қарулы күштері дабыл арқылы көтерілді
Әскерлердің ықтимал қауіптерге ден қою қабілеті, құрамалар менәскери бөлімдердің арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейі тексеріледі.
Қазақстанның қарулы күштері дабыл арқылы көтерілді
Өткізілетін іс-шаралар әскери басқару органдары жұмысының үйлесімділігін арттыруға, басқа да әскерлермен және әскер құралымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.