Алматы полиция бастығының атынан жалған ақпарат тарап жатыр

Алаяқтар Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін пайдаланған
Sputnik
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Алаяқтар Алматы полиция бастығының атынан жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды ведомстводағылар.
"What’sApp және Telegram мессенджерінде белгісіз біреулер өз профиліне Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін пайдаланып, азаматтармен хат жазысып, алаяқтық әрекеттерге барып жатыр.
Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта, күдікті Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен "ҚР ҰҚК-нен тексеріс" келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазып жатқанын ескертті.
"Сондықтан азаматтарға күдіктілердің арандатушылықтарына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде,бұла туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы керек", – делінген хабарламада.
Түркістан облысында алаяқтар әкім мен орынбасарларының атынан хат жаза бастады