Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтеді: биыл қандай мәселелер талқыланады

Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. 5-8 маусым аралығында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының (SPIEF-2024) басты тақырыбы "Көпполярлылық негізі – жаңа өсу орталықтарын қалыптастыру" болмақ, деп хабарлайды РИА Новости.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында басқа елдердің басшыларымен кездеседі деп күтілуде.
Форумның негізгі миссиясы – жаһандық күштер тепе-теңдігін сақтау және көп полярлы халықаралық жүйені құру.
Биыл халықаралық қонақтардың ішінде Түркия, Вьетнам делегациялары, Орталық Африка Республикасының премьер-министрі Феликс Молуа және Иран делегациясы бар. Іс-шараға сондай-ақ Боливия президенті Луис Альберто Арсе Катакора, Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сиярто және Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы қатысады деп жоспарланған. Жалпы форумға 130-дан астам елден делегаттар қатысады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Санкт-Петербургте өтетін халықаралық экономикалық форумға қатысатынын айтты.
Өткен жылы форум аясында Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау туралы келісім жасалды.

2023 жылдың желтоқсанында "Газпром Миллер" басшысы SPIEF-2024 көрмесінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен газ жеткізу бойынша 15 жылдық келісімшарттарға қол қойылғанын хабарлады.