АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Алматыға Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келді.
"Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Қазақстан Республикасына барды. Шойгу Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысады, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді", - делінген Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде.
Отырыс 5-6 маусымда Алматыда өтеді.
Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Сергей Шойгу қорғаныс министрі ретінде Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әскери ведомстволары басшыларының отырысына қатысқан болатын. Ол бірқатар мәлімдеме жасады, соның ішінде АҚШ Украинадағы қақтығысты жасағанын және қазір әдейі созып отырғанын атап өтті.