Оңтүстік Қазақстандағы орман өрті екі мың гектарға тарады

Жамбыл облысындағы екі орман алқабының аумағын шарпыған өртті сөндіруге 240-тан астам адам мен 50 техника, оның ішінде тікұшақ жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі табиғат өрті 1800 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Құрғақ шөп пен бұталардың жанып жатқанын бір күн бұрын Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағынан ұшып бара жатқанда анықталды. Құтқарушылардың алдын ала болжамы бойынша, ол кезде өрт шамамен 1650 гектар аумақты шарпып, көршілес Лугов орман шаруашылығының аумағына жайылып жатқан.
Өртті сөндіруге 100 орман шаруашылығы қызметкері 13 трактор, 2 автоцистерна, 12 жеңіл автокөлік және тікұшақ жұмылдырған.
Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Ілияс Қапашев пен оның орынбасары Мансұр Шайкрамов бастаған жеке құрамның 84 қызметкері мен 9 апатты-құтқару техникасы оқиға орнына қарай жолға шықты.
Қазір қауіпті аймақтардың маңайында жер жыртылып, өрт ошақтары және бықсыған аумақтар сөндіріліп жатыр.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, өрт толығымен сөндірілгенше жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті.