Жалған спорттық атақ бергендер тергеліп жатыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Антикор спорттық атақтарды негізсіз бергендердің үстінен тергеу жүргізіп, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
“Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және "ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері" спорттық атақтарын негізсіз бергені туралы ақпарат тексерілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп жазды ведомство.
Нәтижесінде жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылған. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылған.
“Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасы болады. Спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды”, - дейді антикор.
Қазіргі күні жалған спорттық атақ бергендер тергеліп жатыр.