Біріккен Араб Әмірліктерінен он жыл іздеуде жүрген күдікті экстрадицияланды

Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді
Sputnik
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшердегі алақтық жасаған күдікті экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан "Роллс-Ройс"маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап қашып кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді.
Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Көкшетауда алаяқ жалғызбасты ананың 18 млн теңгесін иемденіп алды