Атырау облысында су тасқыны бәсеңдеді

Алайда екі ауданда және Атырау қаласында қызыл судан әлі де қауіп бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 маусым - Sputnik. Атырау облысында Индер және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында Жайық (Орал) өзенінде су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлады ТЖ жөніндегі өңірлік жедел штаб.
Атырау облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, өңірде су тасқыны шарықтау шегінен төмендеді.
"Су тасқынының максималды деңгейі болды, қазіргі күні өзендегі су деңгейі төмендеді. Біз мұны Индер және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында байқап отырмыз. Сонымен қатар Жайық өзені шаруа қожалықтарына қауіп төндіріп тұр. Қожалық иелерінен "жедел желі" нөмірлеріне авариялық-құтқару жұмыстары туралы келіп түскен барлық қоңыраулар жедел өңделеді", - деді Руслан Шариев.
Қазір Жайық өзені тасыған жерлерде үй жануарлары эвакуацияланып жатыр.
"Қазіргі күні өңірлік және республикалық маңызы бар жолдарда Жайық өзенінен тасыған су басып жатыр. Селдің деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана біз селді қауіпсіз деп айта аламыз", - деп қорытындылады Руслан Шариев.
Соған қарамастан, құтқарушылар Индер ауданында су деңгейі сыни белгіден - 50 см - ге, Махамбет ауданында-1 метрге, Атырау қаласында 27 см-ге асқанын айтты.