АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық, деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.
"Салыстыру үшін айтсақ, былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.
"Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.