АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, кері қайтарылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Комитет мәліметіне сүйенсек, биыл шет мемлекеттерден жалпы 1075 автокөлікке тиелген 15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталды. Олардың ішінде ,фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін 29,522 тонна қызанақ өнімдері кері қайтарылған
Өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізіледі.
Нәтижесінде Түркіменстан Республикасына - 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына - 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен "қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" анықталған. Өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.