Фото

Исландияда қайтадан жанартау атқылады - фото

Исландияда Рейкьянес түбегінде орналасқан Сундхнукагигар жанартауы қайтадан оянды
Sputnik
Вулканологтар аймақта сейсмикалық белсенділіктің жаңа дәуірі басталды деп есептейді. Бір мезетте әсерлі әрі қорқынышты табиғат құбылысының көрінісін біздің суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
1 / 6

Рейкьянес түбегіндегі жанартау атқылаған аймақта күшті сейсмикалық белсенділік байқалады. Соңғы екі күнде мұнда 150-ге жуық жер сілкінісі тіркелді.

Суретте: Магма жер асты суларына еніп, Гриндавикте жанартау белсенділігін тудырған кезде Силингарфелл тауының артында түтін көтеріліп жатыр.

2 / 6

Жанартау атқылаған орнында ұзындығы бір шақырымға созылған жарықшақ пайда болды. Одан 50 метр биіктікке дейін ыстық лава шашырап жатыр.

Суретте: Исландияның оңтүстік-батысындағы жанартау табиғаттың құдіретін көрсететін лава оттарын аспанға атққылап жатыр.

3 / 6

От ағыны Гриндавик қаласы мен "Көгілдір Лагуна" курортына қарай жылжып жатыр.

Суретте: жанартаудан лаваның атқылауы.

4 / 6

Рейкьянестегі жанартау алты айдан астам уақыт бойы тынышталған жоқ. Осы уақыт ішінде бес ірі атқылау болды.

5 / 6

Ғалымдар 30 000-ға жуық адам тұратын Рейкьянестегі жанартау атқылауының бірнеше ондаған жыл, тіпті ғасырлар бойы қайталануы мүмкін екенін ескертеді.

6 / 6

Жергілікті тұрғындар мен туристер қауіпсіз жерге көшірілді.