Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардан кейін көмірді 1,5 есе қымбатқа сатып алуда

Еуроодақ бесінші санкциялар пакеті аясында Ресейдің көмір жеткізуіне эмбарго енгізді және шектеу 2022 жылдың 10 тамызында күшіне енді
Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Еуроодақ импорттаған көмірдің бағасы Ресейге қарсы санкцияларға дейінгі 120 еуродан бір тоннасына 184 еуроға дейін қымбаттады, деп хабарлайды РИА Новости еуропалық кеден деректерге сілтеме жасап.
Еуроодақ бесінші санкциялар пакеті аясында Ресейдің көмір жеткізуіне эмбарго енгізді және шектеу 2022 жылдың 10 тамызында күшіне енді.
Осылайша, 2024 жылдың қаңтар-наурызда Еуроодақ елдерінің тас көмірге орташа айлық шығыны 2021 жылғы 987 миллион еуромен салыстырғанда 1,1 миллиард еуроны құрады, яғни 9%-ға ғана көп. Алайда, осы кезеңде сатып алу 2021 жылғы 8,24 миллион тоннамен салыстырғанда айына орташа есеппен 5,85 миллион тоннаға дейін 29%-ға төмендеді.
Нәтижесінде бір тонна көмірдің орташа бағасы осы кезеңде 1,5 есеге - 184 еуроға дейін қымбаттады, ал 2021 жылы бұл баға 120 еуро болған. Бұл қарқынға ең алдымен жеткізу бағытының өзгеру себеп: 2021 жылы 45% үлесімен Ресей негізгі жеткізуші болды, ал 2024 жылы Австралия (36%) және АҚШ (35%) жеткізуші болып отыр.