АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстандық делегаттар "Достастық балалары" оныншы халықаралық мәдени-білім беру форумында ұлттық салт-дәстүрді көрсетеді, деп хабарлады ТМД Парламентаралық Ассамблеясының хатшылығы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум 2024 жылдың 25 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл жағасындағы Шолпан-Ата қаласында өтеді.
Балаларға арналған іс-шаралардың қатарында көрмелер, шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, интеллектуалды ойындар, танымдық тренингтер, музыкалық байқаулар, өнер кештері және тағы басқалары бар.
"Жобаның басты мақсаты – балаларды тату көршілік пен достық рухында тәрбиелеу, балалар Достастық елдері туралы көптеген жаңа нәрсені біледі, олар керемет әсер алып, шынайы достар табудың мүмкіндігіне ие болады", - деді ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий.
"Достастық балалары" халықаралық мәдени-ағартушылық форумына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қолдауымен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші бастамашы болды.
Бірінші форум 2013 жылы Шолпон-Атада өткен. 2021 жылы ол алғаш рет Қырғызстаннан тыс жерде – Санкт-Петербургте өтті.
2023 жылы форум Өзбекстанда, "Семург" балаларға арналған сауықтыру лагерінде өтті. Оған барлығы 700-ден астам мектеп оқушысы қатысқан.
Форумға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мектеп оқушылары қатысады.