АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Соңғы бес күннен бері Атырау облысындағы Хамит Ерғалиев - Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Судың көп мөлшерде келуіне байланысты, топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалуда.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.