АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Атырау облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі әлі де шекті деңгейден жоғары, деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі штаб.
Су деңгейінің көрсеткіштері мынандай:
Индербор ауылы, су деңгейі – 934 см, шекті деңгей – 845 см.
Махамбет ауылы – 0 см, су деңгейі – 1011 см, шекті деңгей – 850 см.
Атырау қаласы – 0 см, су деңгейі 598 см, шекті деңгей – 550 см.
Жаңаталап ауылы – 0 см, су деңгейі – 430 см, шекті деңгей – 500 см.
Еркінқала ауылы – 0 см, су деңгейі – 387 см, шекті деңгей – 450 см.
Қазіргі уақытта Атырау қаласының маңындағы бес учаскеде Жайық өзенінде су деңгейінің жоғары болуына байланысты қауіп сақталып тұрғаны бұған дейін хабарланды.
Атырау мен оның маңындағы бөгеттерде тәулік бойы күзет жүргізіліп жатқаны айтылды. Жағаны бекіту жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен еріктілер қатысуда.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі республика бойынша жалпы 63 063 адам үйлеріне оралғанын хабарлады.
5268 адам эвакуациялау пункттерінде қалды.
28,2 миллион текше метрден астам еріген су сорылып, 8,1 миллионнан астам қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.