Су тасқыны: бес мыңнан астам адам эвакуациялық пункте тұрып жатыр

Республика бойынша 63 063 адам өз үйлеріне оралды
Sputnik
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны жағдайына қатысты сағат 10:00-дегі ақпаратты таратты.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, республика бойынша 63 063 адам өз үйлеріне оралды. 5268 адам эвакуациялау пунктерінде тұрып жатыр.
"28.2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8.1 млн-нан астам қапшық және 1.5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді", — делінген хабарламада.
Су тасқыны: зардап шеккендер үшін 1862 жаңа үй салынып жатыр