АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы мерекеге орай елдегі балалар туралы мәліметтер жариялады.
"2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 841 527 баланы құрады. Оның ішінде 3,5 миллион - ұл бала, 3,3 миллион - қыз бала. Балалардың 59,7%-ы қалада тұрады", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстандық статистика мамандарының мәліметінше, жалпы халық санындағы азаматтардың (18 жасқа дейінгі) үлесі 34,1%-ды құрайды.
"Өңірлер бойынша балалардың жалпы санындағы ең көп бала Түркістан облысында тіркелген – халықтың 43,3%-ы 18 жасқа дейінгі балалар. Одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%) тұр", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер.