АСТАНА, 1 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне барып, балалармен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Мемлекет басшысы қала оқушыларымен бірге "Science", "Engeneering", "Art", "Technology" және "Mathematics" станцияларын аралап көрді.
Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.
Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.