Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,50% дейін төмендетті

Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,50% дейін төмендетті.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады", - деп жазылған банктің хабарламасында.
Осы жылдың сәуір айында инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды.
Бағаның жалпы динамикасына қарамастан, халықтың инфляциялық болжамдары су тасқынына және тұрғын үй коммуналдық қызметтер реформасының жалғасуына байланысты өсті.
Сәуірде жылдық инфляция Қазақстанның басым бөлігінде баяулады