Польша мобилизация туралы ақпаратқа Ресейдің қатысы бар деп күдіктеніп отыр

Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Польшаның цифрлық технологиялар министрлігі РАР мемлекеттік агенттігінің жаңалықтар тізбегінде елде ішінара мобилизациялау және Украинаға әскери қызметкерлерді жіберу туралы жалған ақпараттың шығуына Ресейдің қатысы болуы мүмкін деп күдіктенетінін жеткізді, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Польшаның РАР мемлекеттік агенттігі Польша премьер-министрі Дональд Туск 1 шілдеден бастап елде ішінара мобилизациялау жүргізу туралы шешім қабылдағаны туралы ақпаратты екі рет жариялап, кейіннен жойып тастады. 200 мың поляк азаматы әскери қызметке шақырылып, Украинаға жіберілетіні хабарланды. Бірнеше минуттан кейін агенттік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және дереккөз РАР емес екенін хабарлады.
"Польша баспасөз агенттігіне ықтимал ресейлік кибершабуыл салдарынан тараған Польшадағы болжамды мобилизациялау туралы жалған ақпаратқа байланысты Ішкі қауіпсіздік агенттігі цифрлық технологиялар министрлігімен және Ғылыми-академиялық компьютерлік зерттеулер зертханасымен бірлесіп шұғыл шара қабылдады", - деп хабарлайды агенттік Х әлеуметтік желісінде.
Жапаров киберқылмыс пен кибертерроризмді қауіпсіздіктің жаңа қатері деп атады