Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті

Бас бапкер мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдай себеп болғанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті.
Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұловтың футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаттықтырушылар штабының кездесуі өтті.
Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдай себеп болғанын айтты.
Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері басқарып келді. Қазақстан премьер-лигасында қарағандылық "Шахтерді" жаттықтырған. Оның бапкерлік карьерасында "Чайка", "Ахмат", "Анжи" және "Легион Динамо" командалары да болды.
Осы жылдың сәуірінде ол "Ахмат" ФК бас бапкері болып тағайындалды.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері: Мен Қазақстанның патриоты болып қала беремін